17 Желт 2024
Страницы КГУ «Начальная школа Бидайық» ГУ «Отдел образования Джангельдинского района» Управления образования акимата Костанайской области

Бiз туралы

Қостанай облысы Жангелдин ауданы Бидайық ауылында 1982 жылы қыркүйекте 8 жылдық «Бидайық орыс мектебі» болып ашылды. Мектеп директоры Қалиев Сәбит Қалиұлы тағайындалды. 1984 жылы 10 жылдық «Бидайық орыс мектебі» болып қайта ашылды. 1986 жылы «Бидайық қазақ-орыс мектебі» болып өзгертілді. 2002 жылы «Бидайық негізгі мектебі» болып өзгертілді. 2002-2004 жж аралығында Іңірбаева Әбілхамит Қабиұлы мектеп директоры болып жұмыс атқарды. 2004-2005 оқу жылында мектеп басшысы болып Ермағанбет Әскербай Балғабекұлы сайланды. 2019 жылдың шілде айында мектепте бала санының азайуына байланысты «Бидайық бастауыш мектебі» болып өзгертілді. Әскербай Балғабекұлы 2022 жылға дейін мектепті басқарды. 2022 жылдың тамыз айынан бастап Инирбаева Жуамазия Кабиевна мектепті басқарып отыр. Қазіргі таңда мектепте «Балдаурен» шағын орталығы жұмыс жасайды. Шағын орталықта 1 бүлдіршін, мектепалды даярлық сыныбында 2 бүлдіршін, 1-4 сынып аралығында 8 оқушы білім алып жатыр. Мектепте 4 педагог, 1 тәрбиеші, 3 тех персонал жұмыс жасайды. Педагогтарды аттестаттаудың жаңа форматы бойынша «педагог-сарапшы» санатымен 1 педагог, «педагог-модератор» санатымен 2 педагог, «педагог» санаты бойынша 2 педагог бар.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар